Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан ірі ұлттық қолөнер орталығына айналады

2020 жылдың 20 қазан 2020 08:33

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Kazakh Tourism» ҰК АҚ бастамасымен Түркістан облысы туризм басқармасының қолдауымен қолөнер өнімдері арқылы өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиева ашты. Басқосуға «Kazakh Tourism» ҰК АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлы, «Атамекен» ҰКП Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Олжас Жансеитов, «Aigul line» брендінің негізін қалаушы, Qazaq-Oner қолөнершілер орталығының басшысы Айгүл Жансерікова, БҰҰДБ өкілдері және жергілікті қолөнершілер қатысты.
Гүлмира Ахбердиева қолөнер және кәдесый өнімдері арқылы аумақтық брендинг мәселесін қозғады. Ол өңірге келетін туристердің қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен мәдениетінің бір бөлігін өзімен бірге алып кеткісі келетіндігін атап өтті.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда қолөнердің рөлі ұлттық мәдениеттегі көп ғасырлық қолөнер тарихына қарамастан, көлеңкеде қалып отыр. Көбінесе, қолөнер шеберлері өз күш-жігерін өндірістік аспектілерге ғана жұмсап келеді.
Ежелден қолөнер орталығы болып саналатын тарихи шаһардағы ұлттық қолөнерді дамыту, Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі ірі ұлттық қолөнер орталығына айналдыру бағытында жүйелі жұмыстар жүруде.





Осы орайда, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен туризм субъектісі ретінде қолөнершілікті дамытуды кешенді зерттеу жобасы аясында елімізде өнімді өткізу, ілгерілету, өткізу алаңдарын құру бойынша мәселелерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, шара барысында «Aigul line» брендінің негізін қалаушы Айгүл Жансерікова «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық бұйымдардың өндірісімен қатар, оны сатудың жаңа бағыттарын табуды ұсынды.
Басты сөздер: Түркістан облысы, Мәдениет,
Жоғары қарай