Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан халықаралық әуежайынан қай бағыттарға ұшақ қатынайды

2021 жылдың 11 тамыз 2021 20:22

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан халықаралық әуежайынан қазіргі таңда 14 бағытқа халықаралық және ішкі әуе рейстер орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

1) «Түркістан – Ыстанбұл» аптасына 4 рет (дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

2) «Түркістан – Бішкек» аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3) «Түркістан – Ташкент» аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» күнделікті;

5) «Түркістан – Алматы» аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);

6) «Түркістан – Қостанай» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

7) «Түркістан – Семей» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

«Түркістан – Атырау» аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

9) «Түркістан – Қарағанды» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

10) «Түркістан – Көкшетау» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

11) «Түркістан – Ақтөбе» аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

12) «Түркістан – Ақтау» аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

13) «Түркістан – Павлодар» аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

14) «Түркістан – Орал» аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

«Түркістан-Ыстанбұл» бағытына «Fly Arystan» және Түркияның «Turkish Airlines» әуе компаниялары, ал «Түркістан-Бішкек», «Түркістан-Ташкент», «Түркістан-Нұр-Сұлтан», «Түркістан-Алматы» бағыттарына «Fly Arystan» әуе компаниясы және қалған бағыттарға «SCAT» әуе компаниясы қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар жуырда «Qazaq Air» әуе компаниясының «Түркістан-Талдықорған» бағытындағы әуе рейсі қатынауы жоспарланған.

Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан (тел: +7 725 33 5 29 09), аталған әуекомпаниялардың ресми сайтынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz, probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.


Басты сөздер: Көлік, Түркістан облысы,
Жоғары қарай