Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан-арена стадионында алғашқы ойын өтті

2020 жылдың 26 қазан 2020 20:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында салынған «Түркістан-арена» стадионында алғашқы ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футбол бәсекесі Түркістан облысының 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында өрбіді. Тартысты өткен жолдастық кездесуде жас жеткіншектер бар шеберлігін ортаға салды. Ойынның негізгі мақсаты – алдағы Қазақстан Республикасының чемпионатына құраманы жасақтау. Енді жаңа аренаның шымылдығын ашқан түркістандық аяқ доп шеберлері ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінуді жоспарлап отыр.




Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Түркістан-арена» орталық стадионы 7 мың орынға арналған. Алып кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған.





Бұл жерде алда футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының Премьер лига, Бірінші және Екінші лига командаларының ойындары мен басқарманың жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес, спорт түрлерінен (футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ ату) жас ерекшіліктері бойынша облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар жоспарға сәйкес өткізіледі.




















Басты сөздер: Спорт, Түркістан облысы,
Жоғары қарай