Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркі кеңесінің бас хатшысы Өзбекстанға келді

2019 жылдың 4 қазан 2019 14:55

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әмреев үш күндік сапармен Өзбекстанға келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Өзбекстанның сыртқы істер ведомствосының мәліметінше, Бағдат Әмреев сапар аясында Сыртқы істер, инвестиция және сыртқы сауда министрліктерінде, Өзбекстанның сауда-өнеркәсіптік палатасында кездесулер өткізіп, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі іскерлік кеңесінің алғашқы отырысына және Өзбекстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия елдерінің кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін инвестициялық бизнес-форумға қатысады.

Еске сала кетейік, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі – заманауи түркі тілдес халықтарды біріктіретін халықаралық ұйым. Мақсаты – мүше елдердің арасында жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Кеңеске Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері кіреді.




Автор: Мирас Қуандықов

Жоғары қарай