Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркі елдері ақпарат агенттіктерінің бірыңғай орталығы құрылмақ

2022 жылдың 15 мамыр 2022 17:32

АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Анадолы агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Сердар Карагез Түркі елдері ақпарат агенттіктерінің орталығы туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сердар Карагез түркі елдері ақпарат агенттіктері арасында одақ құрудың маңыздылығын атап өтті.

«Анадолы агенттігінің ең маңызды міндеттерінің бірі – түркі республикаларының ақпарат агенттіктері үшін бірыңғай орталық құру. Болашақта біз оны Ыстанбұлда орналасқан институттық одаққа айналдырамыз.
Осылайша, біз түркі әлемінің мазмұны – жаңалықтар, фотосуреттер және бейнематериалдармен алмасуды қамтамасыз етеміз. Жалпы мәліметтер базасы құрылады. Aнадолы түркі әлеміндегі ақпарат агенттіктерінің әлеуетін арттыруға арналған бағдарламалар әзірлейді. Агенттік сонымен қатар Еуропалық ақпарат агенттіктері қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі. Aнадолы агенттігі Түркі ақпарат агенттіктері одағының жүзеге асуында жетекші рөл атқаратын болады», - деді Сердар Карагез.
Басты сөздер: Түркия, Түркі елдері, БАҚ,
Жоғары қарай