Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркі академиясы АҚШ-тағы Каспий Саясат Орталығымен тығыз ынтымақтастық орнатпақ

2021 жылдың 13 шілде 2021 15:14

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Каспий Саясат Орталығының (Caspian Policy Center) делегациясы Түркі академиясына келді. Бұл туралы ҚазАқпарат академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

СРС Бас директоры Эфган Нифти басшылығындағы делегация құрамында АҚШ–тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі және CPC Басқарма кеңесінің мүшесі Ричард Э. Хоагланд, CPC бағдарлама маманы Джереми Коэн болды. Мәртебелі меймандарды Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі қарсы алды. Екі жақты кездесу барысында аталған орталық пен Түркі академиясы арасында тұрақты әріптестік байланыс орнату мәселелері талқыланды.




Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ұйымның мақсаты мен қызметі туралы кеңінен мәлімет беріп, БҰҰ, ЮНЕКО және ИСЕСКО сияқты іргелі халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерінде Академия тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар жөнінде айтты.

Өз кезегінде делегация жетекшісі Эфган Нифти CPC-тың АҚШ-тағы Каспий маңы аймағы туралы зерттеулер жүргізетін маңызды сараптама орталығы екеніне тоқталды. Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы ресми сапары аясында Академияға келегенін мәртебе санайтынын жеткізді.




Кездесуде сөз алған Елші Ричард Э. Хоагланд өзінің бірнеше жылдар бойы Қазақстан мен Әзербайжанда қызмет еткенін және Орталық Азия аймағының халықаралық аренадағы маңызы едәуір артқанын атап өтті.

Түркі академиясы жүзеге асырған жобаларды жоғары бағалаған делегация басшысы Эфган Нифти Каспий саясат орталығының Академиямен тығыз ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін мәлімдеді.

Кездесу соңында ұйым басшысы Дархан Қыдырәлі CPC Бас директоры Эфган Нифтиге Академия шығарған бағалы басылымдарды сыйға тартты.





Басты сөздер: АҚШ, Түркі елдері,
Жоғары қарай