Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Туристік жолдама құны қалай қайтарылады – министрлік жауабы

2020 жылдың 21 наурыз 2020 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков Туристік жолдамалар бойынша қаражаттың қалай қайтарылатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің азаматтарымызға осындай жағдайға сабырлылық пен түсіністік танытуды сұраймын. Шынында да, өте өзекті мәселе туындап отыр. Бірақ туристік операторлар мен туристік агенттіктерге бір мезетте қаптаған қоңыраулар түсетінін және бұл ақшаны бірден қайтара алмайтындығын атап өткім келеді. Туристік қызмет туралы заңның 15-бабына сәйкес, туроператорлар нақты шығындарды есептемегенде, жолдама қаражатын қайтаратынын айтқым келеді», - деп атап өтті Д. Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге, спикер туроператорлардың шетелдік серіктестері алдында міндеттемелері бар екенін еске салды.

«Яғни, өздеріңіз білетіндей, біздің туристік операторларымыздың шетелдегі серіктестері алдындағы міндеттемелері бар, олар әуе рейстері мен қонақүйлер үшін алдын-ала төлем жасады. Яғни, шетелдегі серіктестермен мұндай даулы мәселелерді шешу үшін де біраз уақыт қажет», - деді ол.

Егер туристік компания туристік жолдама құнын қайтарудан бас тартса, сотқа жүгінуге болады. Бірақ, ол үшін қаражатты қайтарудан бас тартуды жазбаша түрде алған жөн.

Айта кетейік, 18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік операторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған. Оларды қайтару үшін 18 наурыздан 23 наурызға дейін 19 чартерлік рейс жоспарланған.


Жоғары қарай