Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Туристік мекемелерге автобус сатып алғаны үшін 25% субсидия беріледі

2021 жылдың 14 маусым 2021 19:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Туристік мемекемелер 8 орындық шағын автобустар мен автобус сатып алса, оның 25%-ын мемлекет төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай субсидия елдегі туристік қызметтің сапасын арттыру үшін қолға алынып отыр.

«Туристік қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын көлік құралдарын жаңарту мақсатында туристік сыныптағы автокөлікті сатып алу бойынша шығындарды өтеу көзделіп отыр. Өтеу көлемі көлік құнының 25%-ын құрайды. Субсидия 8 жолаушыға арналған микроавтобустар мен автобустар сатып алуға бағытталады. Сол арқылы сервис сапасын арттыру және демалыстың ұйымдастырылған түрін ынталандыру көзделіп отыр», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков оратлық коммуникациялар қызметінде.

Комитет басшысы аталмыш субсидия тек турситік қызметке мамандаған нысандарға төленетенін ескертті.

«Бұл ретте осы көлік құралдарын әдеттегі қалалық және қалааралық маршруттарда пайдаланбас үшін субсидия туристік қызметке маманданған кәсіпкерлік нысандарына ғана қолданылады. Бұл - туроператорлар мен турагенттер, қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер деген сөз», - деді Дастан Рыспеков.


Жоғары қарай