Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Тұрғын үйген «бомба» қойылғандығын хабарлаған ақмолалық ұсталды

2020 жылдың 7 маусым 2020 01:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында терроризм актісі туралы телефон арқылы көрінеу жалған хабар берген ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай Аршалы кентінде тіркелген. Маусымның 5-де жергілікті полиция бөлімінің «112» арнайы телефон желісіне ер адам қоңырау шалып, тұрғын үйлердің біріне «бомба» қойылғанын хабарлаған. Ол жарылғыш зат қойылған үйдің нақты мекенжайына дейін айтқан.

Айтылған мекенжайға полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барып, өзге де қызметтерге ескертті. Іздестіру шарасы нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Тәртіп сақшылары сол күні мас күйінде қоңырау шалып, елді дүрліктірген күдікті 56 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Аталған мекенжайда күдіктінің әкесі тұрады. Заттай дәйек ретінде күдіктіден жалған мәлімет берген телефон мен абоненттік нөмір тәркіленді», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 273 бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес,«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату» бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру немесе 5 000 АЕК айыппұл көлеміндегі айыппұлмен жазаланатынын ескертеді.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай