Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тұрғын үй құрылысы саласындағы материалдардың үлесі 90%-ға жеткізіледі - министрлік

2020 жылдың 14 шілде 2020 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму минситрлігі елдегі тұрғын-үй құрылысы саласындағы құрылыс материалдарының үлесін 90%-ға жеткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық қамту үлесі 90%-ды құрайтын «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту» жол картасының 3,7 млрд теңгелік 6 202 инфрақұрылымдық жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар құрылыс материалдарын шығару бойынша 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Осының есебінен импорт үлесін 15%-ға азайту және тұрғын-үй құрылысында 90%-ға дейін отандық құрылыс материалдарын пайдалану жоспарлануда», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, құрылыс саласында қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Біріншіден, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларда отандық материалдарды міндетті түрде қолдану бойынша құқықтық база құрылған. Екіншіден, сараптамадан өткен барлық жобалардың жиынтық ресурстық ведомостары енгізілген портал әзірленген.

«Үшіншіден, мемлекеттік сатып алуды іске асыру туралы ережелерге отандық тауар өндірушілер тізіліміне сәйкес материалдарды сатып алуға міндеттейтін құрылыс саласындағы үлгі шарттарына толықтырулар енгізілді. Төртіншіден, отандық тауар өндірушілердің талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша құқықтық шараларды пысықтап жатырмыз», - деді ол.


Жоғары қарай