Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тұрақты мемлекетте ғана көздеген мақсаттарға жете аламыз – депутат

2022 жылдың 5 қаңтар 2022 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев ел өңірлеріндегі наразылықтар жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше, халықтың наразылық білдіруін, бұл мәселелерді көтеруін – қалыпты диалогтық реттілік деп атауға болады. Бірақ Мемлекет басшысы тарапынан тұрғындардың барлық талабы орындалды. Енді жастарға айтарым, мемлекетшіл болудан артық ұстаным жоқ. Тек тұрақты мемлекетте ғана көздеген мақсаттарымызға жете аламыз. Өмірде бәрі қателеседі – Үкімет те, билік те, кейде күтпеген шешімдер қабылданып жатады. Дегенмен бұл барлық шекараларды «қирату» керектігін білдірмейді, керісінше мәселелерді өркениетті түрде диалогтық алаңдарда шешуіміз қажет», - деді Е. Бейсенбаев.

«Осыған байланысты өз атымнан және жастардың атынан үндеу жасағым келеді: ел біздікі, бұл елдің гүлденгенін де біз көреміз, ол үшін тағы да біз дұрыс бағытта жұмыс істеуіміз керек», - деді Мәжіліс депутаты.


Жоғары қарай