Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тұңғыш Президент туралы заң күшін жоюы мүмкін – депутат

2022 жылдың 5 мамыр 2022 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңы жөнінде тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңның күшін жоюы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

«Иә деп ойлаймыз, құжаттар пакетінде қарастырылған. Бірақ шешімді тұрғындар референдумда қабылдайды. Егер бұл үшін қоғам дауыс берсе, тиісінше, мұндай шешім одан әрі қабылданатын болады», - деп жауап берді Арман Қожахметов.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньде «иә» немесе «жоқ» деген қысқа жауаптар көзделетінін түсіндірген еді.


Жоғары қарай