Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұңғыш Президент күні: Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 16:40

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Тұнғыш Президент күнінде Үштөбе қаласының Шаңырақ шағын ауданында жəне Көкдала көшелерінде орналасқан көпқабатты және жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы мен аудандық маслихат хатшысы Бақыт Жексембіұлы қатысып, 50 отбасына пәтер кілтін табыстады.

Республикалық бюджеттен бөлінген 223 млн 972 мың теңге, облыстан бөлінген 95 млн 799 мың теңгеге Шаңырақ шағын ауданындағы отыз пәтерлі тұрғын үй салынды. 2019 жылдың қарашасынан бастап Үштөбе қаласындағы Көкдала шағын ауданында 20 жалға берілетін жеке тұрғын үй «Қолқанат құрылыс» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, республикалық бюджеттен 180 млн 404 мың, облыстық бюджеттен 100 млн 432 мың бөлініп, биыл құрылысы толықтай аяқталды. Аталған үй аудан бойынша кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді.

«Мерекедегі жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді аудан әкімі.















Жоғары қарай