Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 09:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кімге тұмауға қарсы екпе тегін салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұмауға қарсы екпе жыл сайын салынады. Қазір Алматыда тұмауға қарсы вакцина салуға дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Биыл тұмауға қарсы екпе салу 1 қазанан басталады. Салынатын «Гриппол плюс» вакцинасы Ресейде өндірілген.

«Бірінші кезекте, қауіп тобындағы тұрғындарға салынады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызмет емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз екпе жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасайды. Олар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасы.

Екпе салдырар алдында азамат өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды.

Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады.

Ақылы негізде жеке медициналық ұйымдарда тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі.

Ол тұрғындардың өтініші бойынша ерікті түрде жасалады.


Жоғары қарай