Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

2021 жылдың 6 мамыр 2021 16:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді.

«Үздік ақпараттық бағдарлама» аталымы бойынша Еуразия телеарнасының «Аналитика» бағдарламасына бұйырды.




«Үздік тележурналист» аталымы бойынша «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасының журналисі Руслан Идрисов жеңімпаз атанды.




«Үздік деректі фильм» аталымын «Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр» жобасын ұсынған «Сарыарқа» телеарнасы алды.




«Үздік тележүргізуші» аталымы бойынша «КТК» телеарнасының қызметкері Кәмила Жүсіпова үздік деп танылды.




Ал «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы пандемия кезінде Qazaqstan ұлттық арнасы арқылы көрерменге жол тартқан «Теледәрігер» бағдарламасына бұйырды.




Qazaqstan ұлттық телеарнасының « Жүзден жүйрік « атты тағы бір жобасы «Үздік ойын-сауық бағдарламасы» аталымына ие болды.




«Үздік аймақтық телеарна» номинациясын Павлодар қаласының «Ирбис TV» арнасы жеңіп алды.




«Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша «НТК» телеарнасының «JOL» деректі фильмі үздік атанды.

«Үздік телевизиялық сериал» аталымында «Хабар» телеарнасының «Абай жолы» сериалы үздік жұмыс деп бағаланды.




«Үздік ток-шоу» номинациясы бойынша «Astana TV» телеарнасының «Aitarym bar» бағдарламасы жеңімпаз атанды.
































Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай