Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

2020 жылдың 13 наурыз 2020 21:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев барлық жеңімпаздарды құттықтады және «Үздік деректі фильм» аталымының мүсіншесін табыстады. Бұл аталымда «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасының «Көршілер» фильмі жеңімпаз атанды.

«QAZAQSTAN» телеарнасының «Ashyq alan» бағдарламасы жылдың үздік ток-шоуы атанды.

Ал «Үздік ойын-сауық бағдарламасы» номинациясында «Хабар» телеарнасының «Central Asia’s Got Talent» бағдарламасы озып шықты.

«КТК» телеарнасындағы «Большие новости» жобасы «Үздік ақпараттық бағдарлама» атанды.

«Үздік әлеуметтік жоба» мүсіншесі «31 арнадан» көрсетілген «Анашым, біз үйдеміз» бағдарламасына берілді.

«Gakku» телеарнасындағы «Bir toqsan» жобасы «Үздік телевизиялық сериал» атанды.

Сонымен бірге, «Алматы» телеарнасы «Үздік өңірлік телеарна» аталымында жеңіп шықты.

«Үздік тележурналист» аталымында журналист, «Первый Канал Евразия» телеарнасының редакторы Олег Журкевич марапатталды.

Виталий Поповтың «МИР» телеарнасындағы «Түркі әлемінің бесігі» жобасы «Үздік режиссерлік жұмыс» ретінде бағаланды.

«Үздік тележүргізуші» санатында «QAZAQSTAN» телеарнасындағы Жайна Жақсылықова жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жүлде қазақстандық телеиндустрияны ынталандыру мақсатында беріледі.














Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай