Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұман, жел, көктайғақ: 22 қазанға арналған ауа райы

2020 жылдың 22 қазан 2020 00:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары 22 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Скандинавия аймағынан келген циклонның әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Тек еліміздің батысында ғана Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады.

Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түнде Қостанай облысының кей аймақтарында, күндіз - басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлеінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с дейін екпіндейді.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай