Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің бірқатар өңірінде күн бұзылады

2019 жылдың 6 қараша 2019 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 қараша Нұр-Сұлтан қаласында тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Күннің екінші жартысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

7 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20, 23 метр жылдамдықпен жел еседі.

Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қараша түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, 23 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Қостанай қаласын да оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жоғары қарай