Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түлкібастықтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 14:43

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түлкібастықтар жалғызбасты анаға үй тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылының әкімі Е.Меңлібековтің ұйытқы болуымен және ауыл тұрғындарының атсалысуымен жалғызбасты көпбалалы анаға үйдің кілті тарту етілді.

Г.Қайназарова – 5 баланың анасы, отағасы өткен жылы дүниеден озған. Отбасын жалғыз өзі асырап, еңбек етуде.

Көпбалалы отбасыға баспана кілтін аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен салтанатты жиында табыстады. Жиында ел ағалары игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

Жабағылы ауылының тұрғындары бұған дейін де үйі өртенген отбасыға баспаналы болуға септігін тигізген болатын. Сонымен қатар, ауыл тұрғынының емі үшін ел болып жиналып, 2 миллион 500 мың теңге қаржылай көмек көрсеткен еді.





Жоғары қарай