Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түлкібастағы наубайханаларға ұн арзан бағамен берілуде

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 15:00

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түлкібастағы наубайханаларға арзан бағадағы ұн берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бидай ұны наубайханалар мен тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылуда. «TURAN GROUP COMPANY» ЖШС-нің «AZIA NAN» ұны өңірдегі сауда нүктелеріне жеткізілуде.

Диірмен басынан алатын кәсіпкерлерге жоғары сортты бидай ұны 9 800 теңге, I сортты ұн 8 800 теңге, II сортты ұн 6000 теңгеден сатылуда. Аптасына 140 тонна ұн өндіретін кәсіпорында 48 адам жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімі Нұрлан Байғұт диірменге арнайы барып, өңірде ұн бағасын тұрақтандыру үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетіндігін айтты. Сонымен қатар, аудан орталығынан дүкен ашуды ұсынды.


Жоғары қарай