Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Түлкібаста үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2020 жылдың 5 маусым 2020 16:50

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үш бірдей мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу үшін аудан әкімі Нұрлан Байғұт үш мектепке арнайы барып, құрылысшылармен кездесті , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошағында ішкі және сыртқы әрлеу жасалып, электр және дабыл қағу жүйесі жаңартылуда. Сондай-ақ, мектепке жаңа жылу жүйесі орнатылмақ.

Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы ғимараттың сыртқы келбетін жаңбыр мен желге төзімді сайдник материалымен қаптау қажеттігін және мектептің артқы бөлігіндегі қоршауын жаңарту керектігін ескертті. Аудандық білім бөлімінің басшысына сыртқы құрылыс жұмыстары басталмай тұрып қайта есептеу жүргізуді тапсырды.









Ал, А. Байтұрсынов пен М. Ломоносов атындағы мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының аяғында басталған болатын. Бұл ғимараттардың жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылған. Тапсырылған жұмыстар дер кезінде аяқталса, оқушылар келесі оқу жылын жаңарған мектеп ғимаратында бастайды деп жоспарланып отыр.






Жоғары қарай