Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түлкібас ауданында жолда қалған жолаушыларға ыстық тамақ берілді

2020 жылдың 29 қараша 2020 01:47

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Түлкібас ауданда Жамбыл облысымен шектескен тұста қолайсыз ауар райының салдарынан жолда қалған жолаушыларға ыстық ас пен сусын таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Шақпақ баба ауылының мешіті мен мәдениет үйінде 200 жолаушыға арналған жылыту орыны ұйымдастырылған. «Алматы-Ташкент» тас жолының жабылуына байланысты шұғыл аудандық төтенше жағдайлар штабының отырысы өтті. Онда жол бойында тұрып қалған жүргізушілерге көмектесу мәселесі талқыланды.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл мен Түркістан облысының шекарасындағы жол учаскесінде 100-ге жуық жүк көлігі жиналып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Жамбыл облысының ТЖД мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдың Түркістан облысы жағынан 585 шақырым жерінде 200 метрге жуық жерді қалың қар басып қалған. Ал, Жамбыл облысы бағытының 564-567 шақырымында 300 метрге жуық жерде жүк көліктерінің жиналуына осы аумақта 6 жеңіл көліктің соқтығысуы себепші болғаны белгілі.


Жоғары қарай