Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Түлкібас ауданында төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіле бастады

2020 жылдың 28 мамыр 2020 05:25

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Түлкібас ауданында төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары қолға алынды. Осы бағытта аудан әкімі Нұрлан Байғұт жеке кәсібін ашамын немесе кәсібімді ұлғайтамын деген тұрғындарға қолдауды күшейту мақсатында «Жобалық кеңсе» құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда осы мақсатта аудан әкімдігінің жанынан жобалық кеңсе құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Ондағы қызметкерлер жеке кәсіп бастауға ниет білдірген азаматтардың қаржы ұйымдарына және екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алуға жобасын дайындауға, құжаттарын рәсімдеуге көмек береді.

Бүгінде «Жобалық кеңсе» жұмысы жемісін беріп, нәтижесінде 48 тұрғын жобасын өткізген. Оның 12-сі қаржы ұйымдарына жолданды.

Бұдан өзге, аудан әкімінің төрағалығымен әр аптаның сейсенбі күндері «Жобалық кеңсе» мүшелерінің отырысы өткізіле бастады. Бұл басқосуда бір апта ішінде атқарылған жұмыстармен қатар кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсету механизмдері сараланады.


Жоғары қарай