Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түлкібас ауданында орта мектептер жаңартылуда

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 16:27

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында орта мектептер жаңартылуда. Ауданда бүгінгі күні 3 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 6 мектепке қосымша ғимарат салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 6 елді мекенде бала санының көбеюіне байланысты білім мекемелерінде қосымша корпустар бой көтеруде. Мәселен, Түлкібас кентіндегі Шевцов мектебінің ескі ғимараты толығымен күрделі жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ, мектеп жанынан қосымша 150 оқушыға арналған корпустың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қосымша ғимараттар Шақпақ баба, Жыланды, Сеславино, Мыңбай, Абай ауылдарында да салынуда. Биыл мамыр айында басталған үш мектептерінің қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып отыр. Сала мамандарының сөзінше, әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылған. Тағы екі білм ұясының кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылып, жылу жүйесі орнатылған.




















Жоғары қарай