Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Түлкібас ауданында ауыл тұрғынын атқан күдікті ұсталды

2020 жылдың 3 маусым 2020 12:04

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ауыл тұрғынын атқан күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол жәбірленушіні бір танысымен шатастырып алғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында орын алған. Аудандық ауруханаға жедел жәрдем қызметімен оқ жарақаты тиген тұрғын жеткізілген. Жедел-тергеу тобына оқиғаны баяндаған жәбірленуші үйінен шыққанда есігінің алдына нөмірі жоқ Мерседес көлігі келіп тоқтағанын айтқан. Оның ішінде отырған белгісіз біреулердің атқанын, салдарынан жарақат алғанын жеткізген. Осыдан кейін күдіктіні іздестірген тәртіп сақшылары оны 12 сағаттан кейін қолға түсірді. Тұлғасын анықтау барысында көрші ауылдың тұрғыны екені анықталды, ол жасаған қылмысын мойындаған. Күдікті жәбірленушіні басқа біреумен шатастырып алғанын, онымен біраз уақыттан бері ұрыс-керісте болғанын айтқан. Сондықтан кек алу мақсатында оқ жаудырған болып шықты.

«Ұсталған тұрғынның үйін тінту барысында 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп, уақытша тергеу абақтысына жабылған. Қазіргі уақытта осы жәйтке қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.








Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай