Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Туған балалардың саны туралы сұрақ маңызды деректерді қамтамасыз етеді- Нұрболат Айдапкелов

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов санақ сұрақтарына бала туу және шетінеген нәресте туралы сауалдың не үшін енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала туу туралы сұраққа жауап алу нәресте және бала өлімі туралы жан-жақты толық мәлімет жинақтауға мүмкіндік береді. Тірі туған балалардың саны туралы сұрақ, бала туу туралы маңызды деректерді қамтамасыз етеді. Оларды кей жағдайда қандай да бір басқа көздерден, оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеудің толық дамыған жүйесінің өзінен алу мүмкін емес. Бұл сұраққа берілген жауаптар бала туу туралы неғұрлым толық ақпаратты ашады. Яғни, санақтан өту сәтіндегі көзі тірі балалар туралы сұрақ, нәресте мен бала өлімі туралы маңызды ақпарат береді» - деді бюро басышсы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Еске салсақ, жалпұлттық санақтың онлайн кезеңіне қатысқан қазақстандықтар арасында «Неше бала дүниеге әкелдіңіз, оның ішінде тірісі» деген сұрақ қызу талқыланған болатын.

«Әйелдерге 1999 және 2009 жылғы халық санақтарында да балаларының саны, оның ішінде тірі туылғандары және олардың қаншасы тірі деген сұрақтар қойылған болатын. Бұл сұрақтарға жауаптар бала тууды бағалауды есептеу және үлкен жастағылардың бала туғызу мен бала туу қабілетінің таусылу деңгейін бағалау бойынша да маңызды ақпарат береді. Бұл нәтижелер бала туудағы өзгеріс тенденциясын бағалауға негіз болады. Халық санағының нәтижесі бойынша туылған балалардың жынысы бойынша саны, туылған кездегі жыныстардың арасалмағы, когорттық бала туу, туу күнтізбесі туралы деректер алынады», - деді Нұрболат Айдапкелов.


Жоғары қарай