Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түбегейлі іс-шаралар қабылданбаса, 2060 жылы парникті газдар шығарындылары артады - Брекешев

2021 жылдың 13 қазан 2021 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түбегейлі іс-шаралар қабылданбаса, 2060 жылға қарай парникті газдар шығарындылары артады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Global Carbon Atlas соңғы мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы 221 елдің ішінде көмірқышқыл газы шығарындылары көлемі бойынша 21-орында, ал халықтың жан басына шаққанда шығарындылар бойынша 11-орында және жалпы ішкі өнімнің көміртекқамтымдылығы бойынша 5-орында тұр. 2019 жылы еліміздегі парниктік газдар шығарындыларының көлемі 364 млн тоннадан асып түсті», - деді ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы барысында.

Оның атап өтуінше, бұған дейін Қазақстан Париж келісім аясында 2030 жылға қарай шығарындылар көлемін 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға, ал халықаралық қолдау болған кезде 25 пайызға қысқарту міндеттемесін алған.

«Болжамдарға сәйкес, жүзеге асырылатын саясатты трансформациялау жөнінде түбегейлі іс-шаралар қабылданбаған жағдайда 2060 жылға қарай жалпы шығарындылардың көлемі артып, 473 млн тоннадан астамға жетпек», - деді Серікқали Брекешев.


Жоғары қарай