Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Тоттенхэм» Жозе Моуриньюді қызметінен босатты

2021 жылдың 20 сәуір 2021 07:44

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Лондонның «Тоттенхем» футбол клубы бас жаттықтырушы Жозе Моуриньюді отставкаға жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Клуб басшылығы команданың осы маусымдағы жетістіктеріне көңілі толмады. Қазір команда «Премьер-лигада» жетінші орында.

58 жастағы португалдық жаттықтырушы 2019 жылдың қараша айынан бастап аргентиналық Маурисио Почеттиноның орнын алмастырып команданы басқарды. Моуриньомен бірге оның жаттықтырушылар штабының мүшелері — Жоао Сакраменто, Нуну Сантуш, Карлос Лалин және Джованни Серра да командадан кетеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары Моуриноның ізбасарлары ретінде «Лейпцигтің» бас бапкері Юлиан Нагельсман мен қазір «Лестер Ситиді» басқарып отырған Брендан Роджерсті атауда.

Әзірге команданы «Тоттенхэм» футбол мектебінің тәрбиеленушісі Райан Мейсон жаттықтырады.


ФОТО/eurosport.ru

Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай