Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа комитеттері құрылды

2020 жылдың 25 қазан 2020 14:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамындағы жаңа комитеттердің атауы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді.

Бұдан бөлек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, биыл қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды.

Кейіннен Юрий Ильин ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.


Жоғары қарай