Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төтенше жағдайлар департаменті елордадағы дәмханада өрттің шығуы себебін айтты

2021 жылдың 5 мамыр 2021 16:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сәбит Битаев бүгін қаладағы дәмханада өрттің шығуы себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 11:36 кезінде Байқоңыр ауданындағы Ғұмар Қараш көшесіндегі нысанда өрт болып жатқаны туралы хабарланды. Жеті минуттан кейін бірінші өрт сөндіру машинасы жеткеннен соң, жеке тұрғын үй мен «Шашлычный двор» дәмханасының шатырына өрт таралғанын анықтады. Осы орайда өрт 100 шарты метр аумақта болған», - деді С. Битаев онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өрттен ешкім жарақат алмаған және зардап шекпеген.

«Қазіргі мәлімет бойынша, электр энергиясы желісіндегі сымдардың қысқа тұйықталуы өртке себеп болып отыр», - деді департамент өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қураған шөп пен қамыстың өртенуі жиілеп кеткен. Жыл басынан елорда аумағында 300 өрт тіркелді.


Жоғары қарай