Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төтенше жағдай кезінде Қазақстандағы қылмыс саны 22% азайды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 20:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізетін қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ұрлық пен тонау фактілерін болдырмау үшін шаралар қабылдануда. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап, еліміз бойынша қылмыс саны 22%-ға азайды», - деді министр Орталық коммуникациялық қызметте өткен брифнгте.

Министр 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі күшейгенін еске салды.

«Мекемелер жұмысы тоқтады, үйден шығуға шектеу қойылды. Адам көп жиналатын орындар жабылды. Көшеде үш адамнан көп жиналуға, сондай-ақ жасөспірімдерге жалғыз жүруге болмайды. Тек қана үш жағдайларда көшеге шығуға болады: азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға, немесе ауруханаға және тек жұмысқа баруға рұқсат етіледі. Басқа кезде шығуға тыйым салынады», - деді Е. Тұрғымбаев.


Жоғары қарай