Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Төтенше жағдай: Фармацевтердің жұмысы қалай ұйымдастырылған

2020 жылдың 10 сәуір 2020 16:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда онлайн-брифинг барысында ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова дәріхана қызметкерлерінің жұмысы қалай қамтамасыз етілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, фармацевтер бірінші байланыс тізбегінде тұрғандықтан, олардың ауру жұқтыру қаупі жоғары.

«Әр жұмыс беруші, дәріхана желісінің иелері өз жұмыскерлерін қорғау үшін арнайы қорғаныс костюмдері, бас киім, маскалармен қамтыған. Зарарсыздандыру құралдары, антисептиктер де берілген», - деді Марина Дурманова.

Қауымдастық президенті фармацевтердің уәжіне де жауап берді. Олардың көпшілігі жұмыстан үйлеріне қоғамдық көлік тоқтап қалған кезде қайтатынын айтып, шағымданған болатын.

«Қауымдастық мүшелері болып табылатын дәріхана иелеріне сауал жіберілді. Жұмыс берушілер жұмыс уақыты кешкі 19:00-ден кеш аяқталатын болса өз жұмыскерлерін көлікпен үйіне жеткізуді ұйымдастырады. Бұл жұмыс берушінің қаражатының есебінен болмақ», - деді Марина Дурманова.

Оның айтуынша, қазір фармацевтер арасында коронавирус жұқтыру дерегі жоқ.


Жоғары қарай