Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Төтенше жағдай: Елдегі 20 әуежайдың 18-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 11:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Төтенше жағдай кезіндегі елдің көлік инфрақұрылымы қалай жұмыс істеп тұрғанын баяндады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық аймақтарда қалалық автобус қызметі, барлық теміржол вокзалдары және барлық жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді.

Республикалық маңызы бар автожолдар бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу жоқ», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуына қарағанда, Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық дайын.

«Еліміздің 20 әуежайының 18-і штаттық режимде жұмыс істейді. Алматы және Талдықорған әуежайларының қызметі тоқтатылды. Бұл ретте, Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық дайын, құзыретті арнайы органдардың тиісті шешімі қажет», - деді министр.


Жоғары қарай