Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Төтенше жағдай: Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма

2020 жылдың 15 наурыз 2020 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай жарияланса да азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра беретінін хабарлайды. Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуі туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда сауда нысандарының қызметі шектеледі. Халық көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері де, басқа да шағын дүкендер, сауда-ойын-сауық орталықтарынан тыс орналасқан өзге де шағын және орта бизнес нысандары иесінің қалауына қарай жұмысын жалғастыра алады», - деп хабарлады министрліктен.

Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.

Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.


Жоғары қарай