Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төрт облыстың аумағында үсік жүреді

2020 жылдың 7 қыркүйек 2020 23:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде төрт облыстың аумағында үсік жүреді. Синоптиктер осындай ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

8-10 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, 1-3 градус үсік жүреді.

8-9 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін. 8-9 қыркүйекте кей жерлерде тұман түседі.

8 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болады. 8 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді. Кей жерлерінде тұман түседі.

8 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

8 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

8-9 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Аймақ,
Жоғары қарай