Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде төрт облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

29-30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

29-30 қыркүйекте түнде және таңертең Петропавлда тұман түседі. 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең түнде Қарағанды қаласында тұман түсуі ықтимал.

29 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Көкшетауда тұман түседі.

29 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл соғады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай