Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Топпен зорлық жасаған: Шымкентте күдікті 7 жылдан кейін ұсталды

2021 жылдың 21 маусым 2021 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте топпен бірге зорлық жасап, сот төрелігінен жасырынып жүрген күдікті ұсталды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін полиция осы іс бойынша күдікке ілінген үш адамды тұтқындап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан болатын. Олар 2014 жылдың наурыз айында Шымкент қаласының Игілік ауылында «Москвич-412» автокөлігінің салонында 23 жастағы қызды зорлаған.

«Төртінші қылмыскерді іздеуге республиканың қалалары мен облыстарының полиция департаменттерінің жеке құрамы бағытталды. Күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстау үшін көршілері мен туыстарынан, жақын достары мен таныстарынан, бұрынғы серіктестерінен жауап алынды. Ол бой жасыруы мүмкін мекенжайлар тексерілді.

Кейін оған халықаралық іздеу жарияланып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының Ішкі істер министрліктеріне бағдарлар жолданды. Қылмыс жасалғанға дейін күдікті Ресей аумағына бірнеше рет барғаны анықталды. Осыған байланысты қазақстандық детективтер көрші елге іссапарға барды», -деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

7 жыл бойы қолға түспеген күдікті ақыры, Шымкент қаласында ұсталды.

«Полиция қызметкерлері қашқынның орналасқан жерін анықтап, оны Шымкент қаласындағы «Эврика» сауда орталығының жанында тұтқындады. Күдікті бой тасалап жүргенде туыстарымен және достарымен араласуын тоқтатқан. Әртүрлі қалаларда жалдамалы пәтерлерде тұрып, пәтерлер мен үйлерді жөндеумен айналысқан. Әшкере болып қалмас үшін үнемі қалпақ, қара көзілдірік киіп, мұрт пен сақал өсірген. Адамдар көп жиналатын жерлерге, қоғамдық орындарға бармайтын болған. Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған ресми мәліметте.


Жоғары қарай