Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Томирис» каскадерлардың «Оскарын» жеңіп алды

2020 жылдың 22 қараша 2020 12:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Томирис» фильмі Каскадерлардың әлемдік академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таурус» біздікі! Сіздермен үлкен қуанышымызбен бөліскіміз келеді. «Томирис» Каскадерлардың әлемдік академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алды. Бұл каскадерлардың «Оскары» аталатын мәртебелі награда. Еліміздің тарихында алғаш рет қазақстандық фильм «Шетелдік фильмдегі трюк қойылымы» аталымында үздік деп танылды. Nomad Stunts-ке сенім артып, қолдау көрсеткен барлығыңызға рахмет! Ақан Сатаевқа және «Томирис» фильмінің бүкіл командасына рахмет!» - делінген NOMAD STUNTS каскадерлер тобының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.

Nomad Stunts - бұл қазақстандық каскадер Жайдарбек Күнғожинов 2000 жылы құрған халықаралық кәсіби каскадерлер тобы.





Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай