Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Төлеутай Рахымбеков: Президент үндеуі – билік пен азаматтар арасындағы сенімді өзара қарым-қатынастың бастауы

2020 жылдың 8 шілде 2020 22:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің үндеуі билік пен азаматтар арасындағы сенімді өзара қарым-қатынастың бастауы. Бұл туралы «Ұлттық агралық ғылыми білім беру орталығы» ҰАҚ» басқармасының төрағасы Төлеутай Рахымбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус мәселесіне қатысты үндеуін тыңдадым. Жағдайды әділ, ашық сараптау болды. Меніңше, қазақстандықтар мұндай әңгімені баяғыдан бері күтті. Ауырғандарды емдеуге қатысты жағдай, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, саяси өсек-аяң - мұның барлығын Президент қозғады. Туған-туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтар биліктің қарым-қатынасын баяғыдан бері күткен еді. Және де Президент өз атынан көңіл айтты», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Сонымен қатар Төлеутай Рахымбеков коронавирус індетінен қаза тапқандарды еске үшін 13 шілде күнін Ұлттық аза тұту күні деп жариялау да дұрыс әрі дер уақытында қабылданған шешім болғанын айтады.

«Мемлекет басшысы билік органдарының қателіктері мен мүлт кеткенін мойындады. Оның дауысынан бүгінгі күнге деген алаңдаушылық байқалып тұрды. Дегенмен вирусты жеңетіндігімізге деген нық сенім болды. Президент үндеуі билік пен азаматтар арасындағы жаңа, үміттендіретін, демек, сенімді өзара қарым-қатынастың бастауы ғана екендігіне сенімдімін», - деді орталық басшысы.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасап, онда 13 шілде күні Ұлттық аза тұту күні деп жарияланатындығын айтқан еді.



Жоғары қарай