Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Төлеби ауданындағы құрылысы жүріп жатқан  жолдардың сапасы тексерілді

2020 жылдың 14 наурыз 2020 19:20

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркітан облысы, Төлеби ауданы әкімдігінің бастамасымен Ленгір қаласында құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасы тексерілді. «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мамандары арнайы құралдың көмегімен ойық алып, сараптама жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапаны бақылауға аудан әкімі Б.Омарбеков пен «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансеитов, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары жұмыстардың басы қасында болды. Мамандар Ленгір қаласындағы Төлеби, Ә.Бектаев, «Ленгір - Шахта-Тоғыс» бағытындағы жолдарды тексеріп шықты. Қорытындысы белгілі болған соң тиісті шешім мердігер мекемелерге жолданатын болады. Аталмыш көшелердегі құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, ағымдағы жылы да жүргізілген. Десе де аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан әлі қабылданбаған.












Жоғары қарай