Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Төлеби ауданында жемқорлық мәселелері талқыланды

2019 жылдың 17 қазан 2019 16:30

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу шараларына арналған мәжіліс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сайрам аймағы бойынша басқарма басшысы мен аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры мен ҰҚК аудандық бөлімшесінің бастығы, полиция бөлімінің бастығы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы мен аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.

Сонымен қатар, бөлім басшылары мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары, бала-бақша меңгерушілері мен колледж директорлары шақырылды. Кездесу барысында Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Сайрам аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқарманың басшысы Шәкір Тәліпов сөз алып, жиынға қатысушыларды адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарына жақын болуға дәріптеді. Жиналғандарды аталған қылмысқа қарсы қоғамды қалыптастыруда бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.










Жоғары қарай