Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токиода Олимпиада ашылуынан бір күн бұрын СOVID-19 бойынша жаңа антирекорд тіркелді

2021 жылдың 22 шілде 2021 20:52

ТОКИО. KYODO-ҚазАқпарат – Токио қалалық әкімшілігі бейсенбі күні Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі алдында коронавирус инфекциясының 1979 жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады, бұл да қаңтар айының ортасынан бастап коронавирусты жұқтыру саны бойынша рекорд болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Kyodo News-ке сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұма күні жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді. Қалада коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, өткен аптада коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың саны 671-ге артты, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 55,7%-ға көп. Орташа алғанда, қалада күніне 1373,4 жағдай тіркеледі.

XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жылға ауыстырылды және қазір 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында Жапония астанасы Токиода өтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан ҰОК спортшылардың денсаулығын қадағалайтын мамандардан тұратын арнайы ғылыми-кешенді топ құрды. Ұйым мүшесі Азамат Нұрматов Токиодағы қауіпсіздік ережелеріне түсініктеме беріп, спортшылардың денсаулық жағдайы қалай бақыланатынын айтты.

Жоғары қарай