Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алғым келеді – Назым Қызайбай

2020 жылдың 29 қараша 2020 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында әйелдер арасында бокстан ел чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер арасында шаршы алаңға алғашқы болып шыққан Жамбыл облысының өкілі Алуа Балқыбекова 48 кг салмақта елордалық Арайлым Маратты жеңіп, чемпион атанды.

Олимпиадалық салмақ болып есептелетін 51 келіде алматылық Назым Қызайбай шаршы алаңдағы негізгі қарсыласы, шымкенттік Ангелина Лукастан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Тағы бір олимпиадалық салмақ – 57 келіде қостанайлық Владислава Кухта тәжірибелі қарсыласы, қарағандылық Айжан Ходжабекованы ұтып, жеңімпаз атанды.

54 кг салмақта Алматы облысының өкілі Балауса Мұздиманды ұтқан ақмолалық Дина Жоламан оныншы мәрте ел чемпионы атанды.

Қазақстан тарихында қыздар арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, содан кейін тағы бір мәрте топ жарса да, Н. Қызайбайға бұған дейін олимпиадаға қатысу бақыты бұйырмаған еді.

Назым жекпе-жектен кейінгі сұхбатында Токио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алып, ел мерейін үстем ету үшін барын салатынын мәлімдеді.

Финалдық бәсеке одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын финалға шыққан боксшылардың анықталғанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай