Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио Олимпиадасына қатысушылар арасында COVID-19 жұқтырудың  алғашқы оқиғасы тіркелді

2021 жылдың 21 маусым 2021 11:51

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токио қаласындағы Олимпиадаға қатысушылар арасында коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Уганда елінің бокстан олимпиада құрамасының мүшесі Токиодағы ойындарға келетін спортшыларды міндетті тексеру аясында COVID-19 вирусына тест тапсырып, нәтижесі оң болып шықты. Бұл вирустың шетелдік командадан анықталған бірінші оқиға екені атап өтілуде.

Екі рет тест тапсырып, екеуі де оң болып шыққан угандалық спортшы оқшауланды. Уганданың Олимпиадаға қатысатын барлық тоғыз спортшысына бұған дейін AstraZeneca вкцинасы салынғаны және ұшақ бортына отырмас бұрын ПТР-тестілерін тапсырып, олардың теріс болғаны хабарланып отыр.


Басты сөздер: Олимпиада, Коронавирус,
Жоғары қарай