Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Токио Олимпиадасына 2005 жылы туған гимнасшылар қатысатын болды

2020 жылдың 20 сәуір 2020 06:31

НҰР СҰЛТАН. ҚазАқпарат -2020 жылғы Токио Олимпиадасы келесі жылға ауыстырылуына байланысты оған 2005 жылғы гимнасшылар қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды.

FIG ережесі бойынша Олимпиадаға қатысатын гимнасшылардың жасы 16-дан кем болмауы тиіс. Егер Токио Олимпиадасы биыл өтсе, 2005 жылы туғандар төртжылдық додасына қатыспайтын еді. Гимнасшыларды Токио ойындарына қатыстыру туралы шешім соңғы аптада өткен FIG отырысында анықталды. Сондай-ақ, әлемдік ұйым Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналатын әлем кубогы мен құрлықтық турнирлерді ауыстыру жөніндегі жоспарын да талқылады.

Айта кетелік, бүгінде гимнастикадан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін 324 жолдаманың 75 пайызы үлестірілді.
Басты сөздер: Олимпиада-2020, Спорт,
Жоғары қарай