Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Үстел теннисінен қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

2021 жылдың 21 шілде 2021 22:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Токио қаласында үстел теннисінен жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ерлер арасында жеке сайыс бойынша 65, ал әйелдер арасында 70 спортшы бақ сынамақ. Спорттың бұл түрінен ел спортшылары 24 шілде күні жарыс алаңына шығады.

Жеребе нәтижесіне сәйкес 24 шілде күні ел намысын қорғайтын Анастасия Лаврованың алғашқы қарсыласы ITTF рейтингісінде 72-орында тұрған испаниялық тенисші Мария Сяо болады.

Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарысқа екінші кезеңнен қосылады. Ол 25 шілдеде Любомир Янчаржик (Чехия)/Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасы 23 шілде басталып, 8 тамыз күні мәресіне жетеді.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай