Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Теннисші Михаил Кукушкиннің екінші айналымдағы қарсыласы анықталды

2021 жылдың 25 шілде 2021 14:28

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында теннистен қазақстандық Михаил Кукушкинге екінші айналымдағы қарсылас анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші беларусьтік Илья Ивашкомен жарыс жолына шығады.

Ол бірінші айналымда француз Гаэля Монфистен үш сетте 6:4, 4:6, 7:5 есебімен басым түсті.

Ал Кукушкин аргентиналық Федерико Корией 7:6, 7:5 есебімен сүріндірді.

Айта кетейік, биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиадада бақ сынады. Жалпы алғанда 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль алды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай