Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға өтті

2021 жылдың 27 шілде 2021 10:55

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 80 келіде сайысқа түсті. Оған Германиядан келген Александр Бахманн қарсылас атанды.

Сайыс барысында Руслан қарсыласынан 11:7 есебімен басым түсті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық таэквондощы Жансель бүгін өзбекстандық Светлана Осипованы жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды .

Айтулы аламанға дүние жүзіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Еліміздің атынан 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай