Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Сәкен Бибосынов француз боксшысымен жекпе-жекке шығады

2021 жылдың 26 шілде 2021 22:02

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 52 келідегі алғашқы жекпе-жегінде Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероаны тізе бүктірді.

Ол енді 1/8 финалда франциялық Билал Беннаммен қолғап түйістіреді.

Билал Беннам - тәжірибелі боксшының бірі. Ол 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Аталған жарыста олар 49 келі салмақта жұдырықтасқан еді.

2020 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан тоғыз боксшы бақ сынауда. Оның 8-і - ерлер, біреуі - әйелдер бәсекесінде шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосыновтан өзге Серік Теміржанов (57 келі) пен Закир Сафиуллин (65 келі) алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, жарыстың келесі сатысына шыққан болатын.

Ал 27 шілдеде Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Олимпиада,
Жоғары қарай