Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Токио-2020: Медальдар кестесінде Қазақстан 40-орынға қарай ығысты

2021 жылдың 26 шілде 2021 19:44

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 26 шілдедегі медальдар есебі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар.

Алғашқысын 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов иемденсе, екіншісіне 25 шілдеде ауыр атлет Игорь Сон қол жеткізді.

Тағы бір ауыр атлетіміз Зульфия Чиншанло бүгін, 26 шілдеде тағы бір қола медаль жеңіп алды.

Осылайша үш қола медаль алған ел құрамасы жалпы командалық есепте 40-орынға табан тіреді. Германия құрамасының да қоржынында үш қола бар.

Қазірге дейін 51 мемлекеттен келген спортшылар медаль алып үлгерді.

Медаль алу жөнінен АҚШ көш басына шықты. Оның еншісінде 7 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар.

Екінші орындағы Жапонияның еншісіне 7 алтын, 2 күміс, 3 қола бұйырған.

Бұған дейін көш басында келе жатқан Қытай 6 алтын, 4 күміс, 7 қоламен үшінші орынға ығысты.

Токио Олимпиадасынан 26 шілдеде медаль алған ел құрамаларының алғашқы ондықтағы кестесі төмендегіше:

1. АҚШ - 7-3-4

2. Жапония - 7-2-3

2. Қытай - 6-4-7

4. Ресей - 4-5-3

5. Ұлыбритания - 3-3-1

6. Оңтүстік Корея - 3-0-4

7. Австралия- 2-1-3

8. Косово - 2-0-0

9. Италия - 1-4-4

10. Франция - 1-2-2

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиадада бақ сынады. Жалпы алғанда 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль алды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай